«Журналистика»

«Журналистика» клубы-бұқаралық ақпарат құралдарына баспа материалдарын жазудың жолдарын, кәсіби журналистермен кездесуді ұйымдастыратын клуб. Клуб өз қызметін еріктілік, ашықтық, бастамашылық, өзін-өзі басқару, ынтымақтастық және оның мүшелерінің өзара көмек принциптері негізінде жүзеге асырады. Оның қызметінің негізі- теория мен журналистің кәсіби тәжірибесін жақындастыру, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істеу үшін кәсіби журналистерді фрилансерлерді, білікті кадрларды дайындау, клуб жұмысына белсенді, ынталы студенттерді анықтау және тарту. Практикалық журналистика; журналистика негіздері; стилистиканың негіздері, журналистік шеберлік бағыттары бойынша клубтың мүшелеріне қосымша білім алудың мүмкіндігін ұсыну.