«Бизнес клуб»

«Бизнес-клуб» қызметінің негізі-кәсіби дағдыларды дамыту, жетілдіру және үйлестіру болып табылады. Студенттік клуб өзіне мынадай міндеттер жүктейді: клуб мүшелерінің кәсіби қызметін дамыту және жетілдіруге нақты бизнес-міндеттерді талқылау, клуб мүшелеріне, оның ішінде жаңа бастап жатқан кәсіпкерлерге кеңес беру және ақпараттық көмек көрсету. Клубтың мақсаты-клуб мүшелерінің арасында ақпарат алмасу, іскерлік байланыстарды іздеу және ұйымдастыру, сенімді серіктестерді, мүдделі клиенттерді және кәсіби қызметкерлерді тарту, бірлескен жобаларды қалыптастыру және жүзеге асыру, мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастық орнату.