Қазіргі заманғы технологиялық үрдіспен әрі сапалы құрылыс материалдарын қолдана отырып, күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген абаттандырылған жатақхана 840 орынға арналған. Студенттер үйінде ас дайындауға қажетті барлық заттармен жабдықталған тұрмыстық ас бөлмесі, кір жууға арналған бөлме, Интернетке қосылған компьютер залдары, электротехникамен жабдықталған демалыс бөлмесі, оқу залы, фитнес зал, тренажер залы, макет жасау студиясы, дәмхана бар.
Студенттер үйінің ішінде және аумағында бейне бақылау орнатылған. Әр қабат бейне таспаға жазылады әрі күзетші бақылап отырады. Студенттер үйінің ғимаратын және оған іргелес аумақты ХБК-ның Қауіпсіздік қызметі тәулік бойы күзетеді.