Спортклуб өзінің қызметін «Дене шынықтыру» пәні бойынша академиялық сабақтар ұйымдастыру және өткізу, ҚАУ оқушыларына, студенттерге және қызметкерлеріне арналған спорттық секциялардың жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жүзеге асырады.

Спортклубтың негізгі мақсаты болып, салауатты өмір салтын насихаттау, ҚАУ және оның құырылмдық бөлімшелерінің студенттерін, қызметкерлерін спортпен айналысуға тарту болып табылады. 

  • ҚАУ спорттық базасы келесілерден тұрады: 
  • ·         Спорттың ойын түрлеріне арналған үлкен зал: волейбол, баскетбол, шағын — футбол, үлкен теннис;
  • ·         Аэробика, бал билері, жауынгерлік өнер, үстел теннисімен айналысуға арналған шағын зал;  
  • ·         Заманауи жабдықтармен жабдықталған жаттығу залы; 
  • ·         Дефиле, хореографиямен айналысуға арналған балет залы;
  • ·         Волейбол, баскетболға арналған жазғы алаңдар;
  • Спорттық база ыңғайлы киім ауыстыру бөлмелері және душ қабылдау бөлмелерімен жабдықталған.  

 

Спортклубта келесі спорт түрлері бойынша спорттық секциялар тұрақты жұмыс істейді:
  • ·         баскетбол;
  • ·         шағын-футбол;
  • ·         үстел теннисі;
  • ·         волейбол;
  • ·         үлкен теннис;
  • ·         бодибилдинг;
  • ·         аэробика;
  • ·         шейпинг.
ҚАУ спартакиада бағдарламасының шеңберінде жарыстар өткізіледі, сонымен қатар басқа оқу орындарының студенттерімен матчтық кездесулер және халықаралық кездесулер өткізіледі. 

Шейпинг, шығыс жекпе – жегі сияқты дәстүрлі емес спорт түрлерін дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі. Жаттығу сабақтарын біліктілігі жоғары мамандар өткізеді.   

Студенттердің назарына!

  • ·         ЕКК анықтамаларын – дене шынықтыру сабақтарына босату анықтамаларын оқу жылының басында, бір ай ішінде көрсету. 
  • ·         ЕКК анықтамаларын 9 сыныпқа арналған мемлекеттік емтихандардан босатуды оқу жылының 1 мамырына дейін беріледі. 
  • ·         Басқа емханалардан алынған, науқастану бойынша анықтамалар, амбулаторлық картамен, ауруханадан алынған анықтамамен – стационардан алған шығару қағазымен расталады. Анықтаманың мәліметтері 3 күн ішінде берілуі тиіс.   
  • ·         Анықтамаларды (ЕККжәне науқастануы бойынша)ҚАУ клинасының терапевт дәрігеріне куәландыру қажет. 
  • ·         Жыл сайын, студенттер алдын алу тексеруінен өтулері тиіс (флюорографии және шағын әсер, мамандардың қарауы).
  • ·         Тұрғылықты мекен – жайы бойынша емханада немесе ақылы клиникада созылмалы – патологиямен есепте тұрған студенттер жылына 2 рет (көктемде және күзде) емделіп, ҚАУ клиникасының дәрігеріне анықтама алып келулері тиіс. 
  • ·         Декреттелген жастардағы студенттер екпелер алулары тиіс. 
Спортклуб жетекшісі — Иваненко Валерий Иванович