«Заң-Инфо»

 «Заң-Инфо» студенттік клубының қызметі кәсіби және жоғары деңгейлі заңгерлерді даярлауға бағытталған. Болашақ заңгер құқықтық мәдениеттің, демократия мен әділдік идеясының белсенді қатысушысы болуға тиіс және заңдылықты нығайту, құқықтық мәдениет пен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелерін шешуге қатысуы тиіс. Өйткені, кәсіби дайындық болашақ маманның жеке тұлғасын қалыптастырудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.