Шығармашылық емтихан бейінді қабылдау сынағы болып табылады. Емтиханның мақсаты – талапкердің журналист мамандығында келешекте жұмыс жасау қабілеттілігін тексеру. Тексеру комиссиясына журналистика кафедрасының оқытушылары, кәсіби журналистер кіреді.
Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚАУ кампусы) «5В050400-Журналистика» мамандығы бойынша шығармашылық емтихандарды тапсыру реті
1. Жалпы ережелер
1.1. Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар Халықаралық білім беру корпорациясында арнайы (шығармашылық) емтихандарды тапсырады.
1.2. «5В050400-Журналистика» мамандығына түсу үшін бірыңғай ұлттық тестілеуді (БҰТ) тапсырғаннан кейін және кешенді тестілеуді (КТ) тапсырғанға дейін талапкер келесі пәндер бойынша емтихан тапсырады:

  •  шығарма (қазақ немесе орыс тілдерінде) – жазбаша;
  •  әдебиет (қазақ немесе орыс) – ауызша.
Шығарма талапкерлердің шығармашылық ой-өрісін тексеруге мүмкіндік береді. Ауызша емтихан талапкерлердің креативті қабілеттіліктерін, әдебиетті білуді анықтайды.  
1.3. Шығармашылық емтиханның мақсаты – талапкерлердің шығармашылық дайындық критерийлері бойынша таңдау. «5В050400-Журналистика» мамандығы бойынша шығармашылық емтхандар шығармашылық мамандықтар бойынша дайындық талаптарына сәйкес талапкерлерді таңдауға мүмкіндік береді және 1 курсқа студенттердің сапалы контингентін жинақтаудың кепелі болып табылады. 
2. Шығармашылық емтихандар
2.1. «5В050400-Журналистика» мамандығы бойынша бірінші емтихан- берілген тақырып бойынша шығарма жазу. Емтиханның ұзақтылығы – 3 сағат. Шығарма қазақ немесе орыс тілдерінде (таңдау бойынша) жазылады. Шығарманың көлемі 3-5 беттен кем емес және 7 беттен артық болмауы керек.
Шығарма келесі талаптарға жауап беруі керек:
  • Шығарманың тақырыпқа сәйкестігі.
  • Тақырыпты ашу толықтығы.
  • Шығармада мәтінді қолдану дұрыстығы.
  • Тақырыптың мазмұндылығы, тереңдігі.
  • Айтылған ойдың дәлелдігі, берілген ұсыныстың дәлелденуі.
  • Жоспар мен логикалық, жазу реттілігі.
  • Өздік ой-өрісі. 
  • Түпнұсқалық, стильдік бірлестік және жазу мазмұндылығы.
  • Эпиграфтар мен цитаталардың мазмұндық нақтылығы.
  • Сөздерді дұрыс қолдану, грамматикалық-стилистикалық сауаттылық, әдеби мөлшерлерді ұстану.
23-25 аралығында балдар тақырыбы толық ашылған және шамалы стилистикалық қателері бар шығармаларға қойылады.
Жұмыс сөздердің байлағымен, синтаксистік құрылымның түрлілігімен, нақтылығымен ерекшеленеді.
Стильдік бірлік пен мәтіннің мазмұндылығы сақталған. Стилистикалық, орфографиялық, пунктуациялық қателер жоқ.
18-22 аралығындағы балдар қателері бар, дегенмен тақырыптың идеясы толығымен жазылған шығармаға қойылады.
Лексикалық және грамматикалық құрылым түрліше болып келеді. Жұмыстың стилі бірыңғай және мазмұнды. Рұқсат етіледі: шамалы стилистикалық қателер; орфографиялық қателер саны – 2, пунктуациялық – 5.  
11-17 аралығында балдар маңызды қателержіберілген, шығарманың тақырыбы толығымен ашылмаған, сөздердің түрлігі кедей, сөздерді дұрыс пайдалбаған шығармаларға қойылады.
Жұмыстың стилі бірлікпен ерекшелінбейді, мазмұнды емес. Дөрекі стилистикалық қателер, орфографиялық қателер-2 астам, пунктуациялық қателер – 5 астам жіберілген шығармаларға қойылады.

0-10 аралығында балдар. Көп қателер жіберілген. Жұмыста ой-өрісінің реттілігі бұзылған, сөздер түрлігігі кедей. Жұмыс біртипті сөйлемдермен жазылған, сөздер дұрыс қолданылмаған. Стильдік бірлік бұзылған.  
2.2. «5В050400-Журналистика» мамандығы бойынша екінші шығармашылық емтихан - әдебиет (қазақ және орыс) аузыша билеттер бойынша тапсырылады.  
Емтихан талапкерлердің шығармашылық, көркемдік ой жүйргізу қабілеттіліктерін анықтауды көздейді.
 
Қабылдау емтихандарындағы сұрақтар:
1. Мектептің әдебиет бағдарламасы бойынша сұрақтар.
2. Оқу ұнатымдарын анықтау: поэзия/проза, жанр, тақырыптар, авторлар.
3. Заманауи әдебиетпен таныстық дәрежесі.
4. Өзекті қоғамдық-саяси тақырыптарға: қоғамның әлеуметтік мәселелері, экология, лаңкестік, саяси партиялардың жұмысы, ағымдағы халықаралық жағдайлар туралы әңгімелесу.
5. Кәсіби бағдарлық сипаттағы әңгімелесу:
  • Журналист кәсібін таңдау себебі;
  • Журналисттің қызмет түрлерімен, яғни радио, баспасөз, теледидар құралдарымен танысу дәрежесі;
  • Газета журналистиксының жанрларымен таныстығы: мақала, очерк, репортаж, шолу, фельетон, интервью және т.б.;
  • Таңдалған мамандық бойынша жұмыс тәжірибесін (жарияланым, БАҚ жұмыс жасау) анықтау, ол үшін талапкер ұсынуы керек:
    1. мақаланың көшірмесі.
    2. радио және теле бағдарламаларының сценарийлерінің көшірмелері.
20-25 аралығында балдар БАҚ жұмыс тәжірибесі бар талапкерге қойылады. Талапкер әдебиет бойынша мектеп бағдарламасын жақсы меңгерген, ойларын жақсы жеткізеді, қоғамдық-саяси тақырыптарға әңгімені еркін жүргізеді.  
15-20 аралығында балдар толық дұрыс жауап үшін қойылады. Талапкер  әдебиет бойынша мектеп бағдарламасын жақсы меңгерген, ойларын көркем және шығармашылық түрде жеткізеді. Өзекті қоғамдық-саяси тақырыптарға әңгімені еркін жүргізеді.
14-10 аралығындағы балдар толық емес дұрыс жауап үшін қойлады. Талапкер әдебиет бойынша мектеп бағдарламасын жақсы меңгерген және әңгімені еркін жүргізеді.
10 кем бал әдебиет бойынша мектеп бағдарламасын білмейтін және ойларын жеткізе алмайтын талапкерлерге қойылады.
Арнайы емтихандардың (шығармашылық) біреуі бойынша 10 балдан кем алған талапкерлер немесе емтиханға келмеген талапкерлер «5В050400-Журналистика» мамандығы бойынша қабылданбайды. Арнайы (шығармашылық) емтиханды қайта тапсыруға болмайды.