Шет тілдерін, оның ішінде ағылшын тілін білу қазіргі уақытта маңызды кәсіби талап болып табылады.  
Шетелде немесе шетел серіктестермен жұмыс жасау ағылшын тілін жоғары деңгейде білу арқылы ғана мүмкін.
Ал жихангездік базалық білімді талап етеді. Қызықты, әрі жоғары төленетін жұмысқа тұру үшін ағылшын тілін білу артықшылық болып табылады.
Осыған байланысты Біз Сізге аудио және бейне матриалдарды қолдана отырып, арнайы оқу бағдарламаларын қолдануға негізделіп, біздің оқытушыларымыз жасалған бірегей әдістемені ұсынамыз.
Біздің орталықта барлық әлемдік тілдерді жан-жақты және кәсіби түрде үйретеді:
  • Ағылшын (Elementary-ден Advanced –ке дейінгі барлық деңгейлер, Conversational English, Business English, балаларға арналған ағылшын- Funny English for Kids, TOEFL, IELTS емтихандарына дайындық).
  • Француз
  • Неміс
  • Түрік
  • Қытай
  • Араб
  • Испан
  • Қазақша (сөйлесу және іс-қағаздар)
Сабақтарды жоғары білікті ҚАУ оқытушылары, сонымен қатар тіл иеленушілері жүргізеді.
Біз тестілеу арқылы сіздің деңгейіңізді анықтап беруге дайынбыз, тестінің нәтижелері бойынша біз сәйкес деңгейдегі топты таңдап береміз немесе жеке сабақтарды ұйымдастырып береміз.
Біз ұсынамыз:
  • Халықаралық нарыққа шығатын қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың қызметкерлеріне арналған корпоративті ағылшын тілі курстары. Осы бағдарлама ұйымның салалық қажеттілігіне байланысты қалыптастырылады.
  • Жеке сабақтар – жекелей оқу нысаны түрлі тапсырмаларды шешу тиімділігін арттырады: шетел тілін меңгеру деңгейін арттыру, жеке мәселелерді шешу, кәсіби тілді үйрену, шетелде жұмыс жасауға немесе іссапарға қажетті деңгейді меңгеру, байланыс дағдыларын іске асыру.
  • 6 және 12 адам бар топтардағы сабақтар – біз жасаған әдістемелік құралдар білімді арттыруға, ағылшын тілін қолдануды кеңейтуге бағытталған. Оқу барысы қызықты, әрі танымдық болып табылады. Сабақтар әр оқушы белсенді қатысуы үшін құрылған.
Балаларға арналған ағылшын тілі (Funny English for Kids) – бұл балаларда тіл кедергілерін алып тастаудың бірегей әдісі. Сабақтар ойын ретінде орындалады және үй жұмысын орындауды талап етпейді. Сабақ барысында балалар шетел тілін үйренеді, шетел мәдениетімен танысады.