«Заң-Инфо»

 «Заң-Инфо» студенттік клубының қызметі кәсіби және жоғары деңгейлі заңгерлерді даярлауға бағытталған. Болашақ заңгер құқықтық мәдениеттің, демократия мен әділдік идеясының белсенді қатысушысы болуға тиіс және заңдылықты нығайту, құқықтық мәдениет пен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелерін шешуге қатысуы тиіс. Өйткені, кәсіби дайындық болашақ маманның жеке тұлғасын қалыптастырудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.

Закон Инфо студенттік ғылыми қоғамы
Құқық мамандығы 

Закон Инфо студенттік ғылыми қоғамы 2 ақпанда 2007 жылы қүрылған. Оның стенді 408 оқу бөлмесінде орнатылған. Қоғамның отырыстары семестрда екі рет өткізіледі, мәлімет хаттамаға өткізіліп стендте бәріне ашық. Ғылыми қоғамның мақсаты студенттерді ғылыми категория бойынша ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми қорытынды жасау, ғылыми жұмыс жасау қабілеттерін дамыту, оған қосса диплом қорғауына дайындалу. Закон Инфо студенттік ғылыми қоғамның негізгі принциптері: қарсы пікір білдідрушінің ойын қүрметтеу, ғылыми пікірдің негізділігі, соңғы ғылыми жетістіктер және заң өзгерістерді білу.
Закон Инфо студенттік ғылыми қоғамының басқарушысы Қуатова А.Ш.ҚАУ Ассистент профессоры. Басқарушы жалпы үйлестіру жұмысын атқарады, отырыстын қорытындысын жасайды, ғылыми кеңес береді.
Закон Инфо студенттік ғылыми қоғамының төрағасы студенттердің арасынан сайланады. Оның қызметіне отырыс, кіші конференция өткізу кіреді. Келесі төраға жалпы студенттердің жиналысының шешімі бойынша сайланады немесе оқу мерзімі өткенде. Закон Инфо студенттік ғылыми қоғамының төрағасына қойылатын талаптар: оқу жақсы көрсеткіштері, оның ғылыми саласындағы талапты болуы, жетекші қабілеті.